Теміртауда жаяу жүргіншіні көлік қағып өлтірді

Sputnik
АСТАНА, 22 сәуір – Sputnik. Теміртау қаласында жолдың белгіленбеген бөлігінен өткен жаяу жүргіншіні көлік қағып өлтірді, деп хабарлайды polisia.kz.
"Оқиға кеше, 21 сәуір күні 21:25 шамасында болған. Чернышевский көшесінің жаяу жүргіншілер өтуге болмайтын бөлігінен жолды қиып өткен жолаушыны көлік қағып кетті. Hyundai Cret маркалы автокөлікті 20 жастағы ер адам жүргізген", - деп жазылған хабарламада.
Жол апаты салдарынан 40 жастағы жаяу жүргінші оқиға орнында қайтыс болды.
Аталған дерек полицияда тіркелді және тиісті сараптамалар белгіленді. Сараптама қорытындысы бойынша нақты шешім қабылданады.
"Қостанай-Тобыл" тасжолында бір уақытта үш бірдей жол апаты болды