"Қостанай-Тобыл" тасжолында бір уақытта үш бірдей жол апаты болды

© Photo : Rico_LoebАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.03.2023
Жазылу
АСТАНА, 15 наурыз – Sputnik. "Қостанай-Тобыл" тасжолында ауа райының қолайсыздығынан бір мезетте үш бірдей жол апаты болды, деп хабарлады "Алау" порталы.
Жол апаттары 14 наурызда болды. Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, барлық жол апаты қашықтықты сақтамаудан болған. Бірнеше жолаушы ауруханаға жүгініп, амбулаториялық ем алды.
"14 наурызда сағат 21.30 шамасында Тобыл қаласындағы жол айналымында Toyota және Chevrolet көліктері соқтығысты, сосын Мерседес пен Ниссан соқтығысқан. Содан кейін Дэу Нексия, Audi және Reno автомобильдері жол апатына ұшырады. Бірнеше адам зардап шекті", - деп хабарлады ведомство.
Бұл фактілер бойынша процессуалдық шешім қабылданады.
Атырау облысындағы жантүршігерлік жол апаты - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.03.2023
Оқиға
Атырау облысында жол апатынан бүтін бір отбасы көз жұмды
Жаңалықтар
0