АСТАНА, 22 сәуір - Sputnik. Атырау облысында "ҚазТрансГаз Аймақ" ұлттық компанияcының металл құбырларын ірі мөлшерде ұрлаған қылмыстық топ ұсталды.
Атырау облысы полиция департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы 1978, 1984 және 1988 жылы туған үш күдіктіні ұстады.
Олар "Индер-Махамбет" магистральды газ құбырларын заңсыз шығару арқылы "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ ұлттық компаниясына ірі мөлшерде залал келтірген.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру ҚР ҚК 188-бабының 4-бөлігімен, яғни бөтеннің мүлкін аса ірі мөлшерде ұрлау дерегі бойынша жүргізіліп жатыр. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.