Air China Астанаға алғашқы рейсті орындады

Жолаушылар Airbus-A320 әуе кемесімен келді
Sputnik
АСТАНА, 22 сәуір – Sputnik. "Air China" әуе компаниясы Астанаға алғашқы рейсін орындады, деп хабарлады елорда әуежайының баспасөз қызметі.
"Бүгін түнде "Air China" алғашқы рейсті орындады. Қазақстан астанасына 60 жолаушы келіп, 21 адам кері ұшып кетті", - деді Астана әуежайының баспасөз хатшысы Әнуар Шалекенов.
Айта кетері, Қытай әуе компаниясы 21 сәуірден бастап Бейжің – Сиань – Астана бағыты бойынша аптасына үш рет жиілікпен тікелей жолаушылар рейсін қайта бастады.
Рейстер аптасына үш рет: дүйсенбі, сәрсенбі және жұма күндері орындалады.
Ақтөбеге қонған ұшақта жолаушы қайтыс болды