Ақтөбеге қонған ұшақта жолаушы қайтыс болды

© Sputnik / Владислав ВодневСамолет в небе
Самолет в небе - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.04.2023
Жазылу
АСТАНА, 17 сәуір – Sputnik. Мысырдың Шарм-эль-Шейх қаласынан Ақтөбеге ұшып келген рейсте жолаушы қайтыс болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Диапазон порталына сілтеме жасап.
Жолаушылар ұшағы Ақтөбеге 15 сәуірде кешкі сағат 18:00-дің шамасында қонған.
Әуежай басшысы Дастан Малиевтің айтуынша, ұшақ қонғаннан кейін жас жігіт ата-анасына киім ауыстырып келемін деп, кетіп қалған. Артынан қайтыс болған жерінде табылды. Марқұм Уфа қаласының тұрғыны.
Оқиға орнына бірден жедел жәрдем шақырылды. Дәрігерлер 12 минуттың ішінде келді. Олардың айтуынша, ұшақ бортында ер адамның денесі табылды. Ол жедел жәрдем келгенге дейін қайтыс болды. Жас жігіт кенеттен көз жұмды. Өлімнің себебі әзірше белгісіз.
Жаңалықтар
0