Шу маңынан қаңтарда ұрланған атыс қаруы мен оқ-дәрілер табылды

Sputnik
АЛМАТЫ, 20 сәуір – Sputnik. Жамбыл облысы Шу қаласының маңынан атыс қаруы мен оқ-дәрілер сақталған орын табылды, деп хабарлады Polisia.kz.
19 сәуірде Шу қаласының маңында қараусыз қалған ғимараттан атыс қаруы мен оқ-дәрілер табылды.
"Қаңтар оқиғасы кезінде Жамбыл облысының полиция департаментінен ұрланған АКСУ-90 автоматы оқсаларымен бірге, бөлшектелген түрдегі қос ұңғылы аңшы мылтығы, 16 мл калибрлі шолақ аңшы мылтығы, Streamer 1014 маркалы газ тапаншасы, 5.45 мм калибрлі патрондардың 29 бірлігі, 7.62 мм калибрлі 7 патрон, 16 мл калибрлі тегіс ұңғылы қарудың 9 патроны немесе 49 данасы тәркіленді", - деді ұйымдасқан қылмысқа қарсы комитеттің басқарма бастығы Теміржан Рамазанов.
Сот-баллистикалық сараптама жасалады. ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабы 3-бөлігі "Атыс қаруын (тегiс ұңғылы аңшылық қаруынан басқа), оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды немесе жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Қаңтар оқиғасы
Кербұлақ ауданында қаңтар оқиғасында жоғалған қару-жарақ табылды