Оқиға

Көкшетауда эскалатор әйелдің аяғын қысып тастады - бес бақайынан айырылды

Sputnik
КӨКШЕТАУ, 21 сәуір – Sputnik. Көкшетауда сауда орталығында оқыс оқиға болды. Орталық базар ғимаратындағы әйелдің аяғы эскалаторға қысылып қалды. Бес бірдей бақайы жұлынып кетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Әйел эскалатормен түсіп бара жатып, құлап қалған. Аяғын эскалатор механизмі тартып алды. Бес башпайының травматикалық ампутациясы болды", - деп хабарлады агенттік тілшісіне телефон арқылы Ақмола облыстық жедел жәрдем станциясының бас дәрігері Александр Высоцкий.
Жедел жәрдем 67 жастағы әйелді көпсалалы облыстық ауруханаға жеткізді.
Өңірлер
Қарағандыда ер адам эскалаторда тұрған бейтаныс жігітті теуіп жіберді - видео