Қоғам

Алматыда кәсіпкерлерден ақша бопсалаған ерлі-зайыпты журналист ұсталды

Sputnik
АЛМАТЫ, 21 сәуір – Sputnik. Алматыда ақша бопсалаумен айналысқан журналистер ұсталды, деп хабарлады қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Ерлі-зайыпты журналист жағымсыз ақпараттарды жарияламау үшін ЖШС басшылығынан ақша бопсалаған.
"Қазіргі таңда аталған деректің толық мән-жайын анықтау үшін жедел тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Нәтижесінде заңды процессуалдық шешім қабылданады", - деп мәлімдеді ведомство.
Журналистерге қоқан-лоққы жасады деген күдікпен тағы бір адам ұсталды