https://sputnik.kz/20230304/zhurnalisterge-qoqan-loqqy-zhasady-degen-kudikpen-tagy-bir-adam-ustaldy-32669702.html
Журналистерге қоқан-лоққы жасады деген күдікпен тағы бір адам ұсталды
Журналистерге қоқан-лоққы жасады деген күдікпен тағы бір адам ұсталды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 4 наурыз – Sputnik. Ішкі істер министрлігі мен ҰҚК ведомствоаралық жедел-тергеу тобы редакциялар мен БАҚ өкілдеріне шабуыл ұйымдастырды деген күдіктіні... 04.03.2023, Sputnik Қазақстан
2023-03-04T15:30+0500
2023-03-04T15:30+0500
2023-03-04T15:45+0500
журналист
https://sputnik.kz/img/168/45/1684582_0:0:1280:720_1920x0_80_0_0_d748660ee5855a58a4f78f2334b68922.jpg
АСТАНА, 4 наурыз – Sputnik. Ішкі істер министрлігі мен ҰҚК ведомствоаралық жедел-тергеу тобы редакциялар мен БАҚ өкілдеріне шабуыл ұйымдастырды деген күдіктіні ұстады, деп хабарлады Polisia.kz."Журналистерге жасалған шабуылдарды ұйымдастырып, бастамашы болған Қазақстан азаматы Клебанов (Маневич) Аркадий Сергеевич екені анықталды. Ол ұсталып, соттың рұқсатымен қамауға алынды", - делінген ресми хабарламада.Күдікті өз кінәсін мойындап отыр. Жауап алу кезінде барлық қоқан-лоққыны өз бетінше ұйымдастырғанын, өйткені бірқатар танымал БАҚ өкілдеріне жеке талап-тілегі болғанын мәлімдеді.Клебанов-Маневич хакерлер тобы мен орындаушыларды жалдаған. Ал ақшаны криптовалюта операциясынан түскен пайда есебінен төлеп отырыпты.Қазіргі кезде күдіктіге Қазақстан Қылмыстық кодексінің төрт бірдей бабы (115-бап - "Қауіп-қатер", 147-бап - "Жеке өмірге қолсұғылмаушылықты бұзу", 158-бап - "Журналистік қызметке кедергі жасау", 202-бап - "Бөтен мүлікті қасақана жою немесе бүлдіру" және 293-бап - "Бұзақылық") бойынша айып тағылды. Тергеу шаралары жалғасып жатыр.Айта кетері, бұған дейін журналистерге шабуыл жасады деген күдікпен қылмыстық топ ұсталған болатын.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/168/45/1684582_167:0:1127:720_1920x0_80_0_0_a5e0ed41680b39232407c0e163191af8.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
журналист
Журналистерге қоқан-лоққы жасады деген күдікпен тағы бір адам ұсталды
15:30 04.03.2023 (жаңартылды: 15:45 04.03.2023) АСТАНА, 4 наурыз – Sputnik. Ішкі істер министрлігі мен ҰҚК ведомствоаралық жедел-тергеу тобы редакциялар мен БАҚ өкілдеріне шабуыл ұйымдастырды деген күдіктіні ұстады, деп хабарлады
Polisia.kz. "Журналистерге жасалған шабуылдарды ұйымдастырып, бастамашы болған Қазақстан азаматы Клебанов (Маневич) Аркадий Сергеевич екені анықталды. Ол ұсталып, соттың рұқсатымен қамауға алынды", - делінген ресми хабарламада.
Күдікті өз кінәсін мойындап отыр. Жауап алу кезінде барлық қоқан-лоққыны өз бетінше ұйымдастырғанын, өйткені бірқатар танымал БАҚ өкілдеріне жеке талап-тілегі болғанын мәлімдеді.
Клебанов-Маневич хакерлер тобы мен орындаушыларды жалдаған. Ал ақшаны криптовалюта операциясынан түскен пайда есебінен төлеп отырыпты.
Қазіргі кезде күдіктіге Қазақстан Қылмыстық кодексінің төрт бірдей бабы (115-бап - "Қауіп-қатер", 147-бап - "Жеке өмірге қолсұғылмаушылықты бұзу", 158-бап - "Журналистік қызметке кедергі жасау", 202-бап - "Бөтен мүлікті қасақана жою немесе бүлдіру" және 293-бап - "Бұзақылық") бойынша айып тағылды. Тергеу шаралары жалғасып жатыр.
Айта кетері, бұған дейін журналистерге шабуыл жасады деген күдікпен қылмыстық топ
ұсталған болатын.