Астана соты "Вашингтон" тұрғын үй кешенін сүру туралы шешім қабылдады

Sputnik
АСТАНА, 20 сәуір – Sputnik. Әділет департаментінің шешімімен Астанада салынып жатқан Washington тұрғын үй кешені сүріледі.
Тұрғын үй кешенінің құрылысы рұқсатсыз, құрылыстың басталғаны туралы хабарламай және жер теліміне құқықсыз жүргізілген, дейді қоғам белсендісі Дидар Смағұлов.
"11 қаңтарда борышкерге сот актісін орындау қажеттігі туралы хабарлама берілді. Актілер бойынша аталған нысанда құрылыс-монтаж жұмыстары әлі жалғасып жатқаны анықталды. Борышкер 138 мың теңге айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 21 қаңтар - 21 ақпанға дейінгі аралықта мерзімі өткен әрбір күн үшін өсімпұл алынды. Сома - 1 миллион 104 мың теңге ", - деп хабарлады қалалық әділет департаментінің баспасөз қызметі.
Қазіргі уақытта сот борышкерден қайтадан өсімпұл өндіру туралы сот орындаушысының екінші ұсынысын қарап жатыр.
Видео
Сәбит Шонтақбаев Астанадағы үш бөлмелі пәтерін көрсетті – видео