https://sputnik.kz/20230110/sabit-shontaqbaev-astanadagy-ush-bolmeli-paterin-korsetti--video-31001143.html
Сәбит Шонтақбаев Астанадағы үш бөлмелі пәтерін көрсетті – видео
Сәбит Шонтақбаев Астанадағы үш бөлмелі пәтерін көрсетті – видео
Sputnik Қазақстан
Былтыр терезеден салбырап тұрған қызды құтқарған Сәбит Шонтақбаев жаңа жылды отбасымен бірге Астанадағы жаңа үш бөлмелі пәтерінде қарсы алды. 10.01.2023, Sputnik Қазақстан
2023-01-10T19:03+0500
2023-01-10T19:03+0500
2023-01-17T12:44+0500
батыр
сәби
астана
видео
https://sputnik.kz/img/07e7/01/0a/31000801_0:0:1920:1080_1920x0_80_0_0_9b281180ca93859efec02b889ede0c3b.jpg
Баспананы ерлігі үшін танымал құрылыс компаниясынан тегін алды. Бейбіт күннің батыры Sputnik Қазақстан тілшілеріне өз шаңырағын көрсетті.Жөндеу жұмыстары екі жарым айда аяқталдыСәбит үйдің кілтін былтыр тамыз айында алыптф. Сол кезде басқа екі компания жөндеу жұмыстарын тегін істеп беруді ұсынған. Отағасы келісті."Кілтті бергеннен кейін ішкі жұмыстарын өзіміз істеп береміз деп басқа компанияның өкілдері келді. Тағы бір компания бір миллионның сертификатын табыстап, екі "санузелдің" кафельдерін, ваннаны, басқа да заттарды берді. Сол екі компаниямен бірігіп, үйді аман-есен бітірдік. 20 қарашада үйіме қоныс аудардым. Оған дейін жалдамалы пәтерде уақытша тұрдық", - дейді Сәбит.Ал отбасын былтыр маусым айында көшіріп әкелді. Себебі 1 қыркүйекке дейін үш баласын мектепке орналастыру керек болған. Содан бәрін тіркеп, медициналық тексерістен өткізіп, жақын жердегі мектепке берген."Сүйікті кәсібімді бастадым"Сәбиттің өзі локомотив құрастыру зауытында жұмыс істейді. Қазіргі кезде сүйікті кәсібі – қозғалтқыш құрастырумен айналыса бастады."Жұмысқа кіргенде үшінші цехта істедім, құрастыру цехы дейді, "жүріс бөлігін" (ходовая часть) жинаймыз. Сонда алты-жеті ай істедім. Енді оларды сүйрейтін қозғалтқыш болуы керек қой. Қазір сол тепловоздың, электровоздың қозғалтқышын жинап жатырмыз. "Маневрный" деген бар, олардың да қозғалтқышын жинаймыз", - деп атап өтті Шонтақбаев.Сәбит Қызылорда облысында жеңіл көліктердің қозғалтқышын 10 жылдай жөндеді. Техникалық қызмет көрсету орталығында моторист болып істепті. Оған әлі күнге дейін Қызылорда жақтан хабарласып, қозғалтқышты жөндеп беруді сұрайды екен.Бейбіт күннің батырын көшеде көбісі танып жатады. Селфиге түсуді сұрайды. Блогер болуды ұсынғандар да баршылық."Көп кісілер осыны пайдаланып, блогер болып кетсеңші деп айтты. Бірақ әркім өзінің қабілетіне қарай тырысуы керек қой. Маған сол "моторым" дұрыс", - дейді Сәбит.Сәбит қозғалтқыштың маманы ғана емес, өнерге де жақын. Домбыра мен гитара тартады.Сыңарын құтқардыСәбиттің анасы Гүлбаршын Әбітайқызы ауылда болған тағы бір оқиғаны еске алды. Бала кезінде Сәбит өзінің сыңары – Ғабитті де құтқарған."Ол өзі бала кезінен көп сөйлемейтін, бірдеңені ойлап отыратын. Бәріне қамқоршы болып жүретін. Өзінің сыңары бар, аты – Ғабит, екеуі егіз. Оны ылғи қорғап жүретін. Бір жолы екеуі Аққұм деген ауылдың шекарасына барған. Ол жерде үш үлкен темір құбыр тұратын. Ғабит торғайдың жұмыртқасын аламын деп, құбырдың ішіне түсіп кеткен. Күн ысып тұр, құбыр қызып кеткен. Ішінен шыға алмапты. Сонда Сәбит артынан түсіп, оны иығына мінгізіп алған. Басқа балалар ағашпен тартып шығарған. Ал Сәбиттің өзі аяқ-қолын қызып тұрған құбырдың қабырғасына тіреп, өзі шығып кетті", - деп еске алды анасы.
астана
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Арман Асқар
https://sputnik.kz/img/07e6/02/01/22341520_723:0:2771:2048_100x100_80_0_0_d2b701657c73ab2015b40d4462be5643.jpg
Арман Асқар
https://sputnik.kz/img/07e6/02/01/22341520_723:0:2771:2048_100x100_80_0_0_d2b701657c73ab2015b40d4462be5643.jpg
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/01/0a/31000801_240:0:1680:1080_1920x0_80_0_0_ade75f1a0cfa35a23d0c73b8396ceec7.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Арман Асқар
https://sputnik.kz/img/07e6/02/01/22341520_723:0:2771:2048_100x100_80_0_0_d2b701657c73ab2015b40d4462be5643.jpg
батыр, сәби, астана, видео
батыр, сәби, астана, видео
Сәбит Шонтақбаев Астанадағы үш бөлмелі пәтерін көрсетті – видео
19:03 10.01.2023 (жаңартылды: 12:44 17.01.2023) Былтыр терезеден салбырап тұрған қызды құтқарған Сәбит Шонтақбаев жаңа жылды отбасымен бірге Астанадағы жаңа үш бөлмелі пәтерінде қарсы алды.
Баспананы ерлігі үшін танымал құрылыс компаниясынан тегін алды. Бейбіт күннің батыры
Sputnik Қазақстан тілшілеріне өз шаңырағын көрсетті.
Жөндеу жұмыстары екі жарым айда аяқталды
Сәбит үйдің кілтін былтыр тамыз айында алыптф. Сол кезде басқа екі компания жөндеу жұмыстарын тегін істеп беруді ұсынған. Отағасы келісті.
"Кілтті бергеннен кейін ішкі жұмыстарын өзіміз істеп береміз деп басқа компанияның өкілдері келді. Тағы бір компания бір миллионның сертификатын табыстап, екі "санузелдің" кафельдерін, ваннаны, басқа да заттарды берді. Сол екі компаниямен бірігіп, үйді аман-есен бітірдік. 20 қарашада үйіме қоныс аудардым. Оған дейін жалдамалы пәтерде уақытша тұрдық", - дейді Сәбит.
Ал отбасын былтыр маусым айында көшіріп әкелді. Себебі 1 қыркүйекке дейін үш баласын мектепке орналастыру керек болған. Содан бәрін тіркеп, медициналық тексерістен өткізіп, жақын жердегі мектепке берген.
"Сүйікті кәсібімді бастадым"
Сәбиттің өзі локомотив құрастыру зауытында жұмыс істейді. Қазіргі кезде сүйікті кәсібі – қозғалтқыш құрастырумен айналыса бастады.
"Жұмысқа кіргенде үшінші цехта істедім, құрастыру цехы дейді, "жүріс бөлігін" (ходовая часть) жинаймыз. Сонда алты-жеті ай істедім. Енді оларды сүйрейтін қозғалтқыш болуы керек қой. Қазір сол тепловоздың, электровоздың қозғалтқышын жинап жатырмыз. "Маневрный" деген бар, олардың да қозғалтқышын жинаймыз", - деп атап өтті Шонтақбаев.
Сәбит Қызылорда облысында жеңіл көліктердің қозғалтқышын 10 жылдай жөндеді. Техникалық қызмет көрсету орталығында моторист болып істепті. Оған әлі күнге дейін Қызылорда жақтан хабарласып, қозғалтқышты жөндеп беруді сұрайды екен.
Бейбіт күннің батырын көшеде көбісі танып жатады. Селфиге түсуді сұрайды. Блогер болуды ұсынғандар да баршылық.
"Көп кісілер осыны пайдаланып, блогер болып кетсеңші деп айтты. Бірақ әркім өзінің қабілетіне қарай тырысуы керек қой. Маған сол "моторым" дұрыс", - дейді Сәбит.
Сәбит қозғалтқыштың маманы ғана емес, өнерге де жақын. Домбыра мен гитара тартады.
Сәбиттің анасы Гүлбаршын Әбітайқызы ауылда болған тағы бір оқиғаны еске алды. Бала кезінде Сәбит өзінің сыңары – Ғабитті де құтқарған.
"Ол өзі бала кезінен көп сөйлемейтін, бірдеңені ойлап отыратын. Бәріне қамқоршы болып жүретін. Өзінің сыңары бар, аты – Ғабит, екеуі егіз. Оны ылғи қорғап жүретін. Бір жолы екеуі Аққұм деген ауылдың шекарасына барған. Ол жерде үш үлкен темір құбыр тұратын. Ғабит торғайдың жұмыртқасын аламын деп, құбырдың ішіне түсіп кеткен. Күн ысып тұр, құбыр қызып кеткен. Ішінен шыға алмапты. Сонда Сәбит артынан түсіп, оны иығына мінгізіп алған. Басқа балалар ағашпен тартып шығарған. Ал Сәбиттің өзі аяқ-қолын қызып тұрған құбырдың қабырғасына тіреп, өзі шығып кетті", - деп еске алды анасы.