АСТАНА, 17 сәуір – Sputnik. 2023 жыллдың ақпанында 157,9 мың автокөлік құралы есепке қойылды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 74,5% көп, деп хабарлады ұлттық статистика бюросы.
Оның ішінде жеңіл автокөліктер 72,3%-ға, жүк көліктері 2 есеге, автобустар 2,5 есеге артты.
"Мәселен, 2023 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша Қазақстанда тіркелген автокөлік құралдарының саны 4 584,5 мың бірлікті құрады, оның ішінде 88% – жеңіл автокөліктер, 9,9% – жүк көліктері және 2,1% – автобустар", - деп жазылған хабарламада.
2023 жылғы ақпанда 1 715 жол апаты тіркеліп, 2466 адам зардап шеккен. Өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда зардап шеккендер саны 8,4%-ға азайды.
2023 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру ұйымдары 9,5 миллион теңге сомасында 16 751 сақтандыру төлемін жүзеге асырды.