АСТАНА, 16 сәуір – Sputnik. Төтенше жағдайлар министрлігі "Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы" ЖШС-нің сейсмикалық стансалары Астана уақытымен 16.12-де (гр. 10.12-де) жер сілкінісін тіркеді.
"Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 377 шақырым жерде Қазақстан аумағында орналасқан", - делінген хабарламада.
Картаға қарағанда, бұл Қытаймен шекаралас Жетісу өңіріндегі тау жоталарының беткейі.
Сейсмологтардың мәліметінше, жер сілкінісінің энергетикалық класы 8,8 баллды құраған. Магнитудасы MPV 4.0. Тереңдігі - 15 шақырым.