Оқиға

Жергілікті сейсмологтар тағы да жер сілкінісі болғанын хабарлады

© Sputnik / Тимур БатыршинСейсмограф
Сейсмограф - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.04.2023
Жазылу
Бүгін Алматыдан 43 шақырым жерде жерасты дүмпулері тіркелді. Қытайда да екі жер сілкінісі болды
АСТАНА, 16 сәуір – Sputnik. Төтенше жағдайлар министрлігі "Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы" ЖШС-нің сейсмикалық стансалары Астана уақытымен 16.12-де (гр. 10.12-де) жер сілкінісін тіркеді.

"Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 377 шақырым жерде Қазақстан аумағында орналасқан", - делінген хабарламада.

Картаға қарағанда, бұл Қытаймен шекаралас Жетісу өңіріндегі тау жоталарының беткейі.
Сейсмологтардың мәліметінше, жер сілкінісінің энергетикалық класы 8,8 баллды құраған. Магнитудасы MPV 4.0. Тереңдігі - 15 шақырым.
Сейсмологи - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.02.2022
Әлем
Телеарнаның тікелей эфирі кезінде жер сілкінісі болды - видео
Жаңалықтар
0