Өңірлер

Петропавл маңындағы халықаралық тасжолды су басты

Sputnik
АСТАНА, 16 сәуір – Sputnik. Петропавл қаласына жақын жерде халықаралық маңызы бар жолды су басты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Төтенше жағдайлар департаменті ұсынған ақпаратқа сәйкес, Заречный кенті арқылы өтетін жолды су басып қалған.
"16 сәуірде Есіл өзеніндегі судың тасуына байланысты "Ресей шекарасы (Челябіге қарай) – Ресей Федерациясының шекарасы (Новосібірге қарай)" бағытындағы М-51 автомобиль жолының 528-ші шақырымында жол учаскесін (ені - 8 метр, ұзындығы - 80 мет, биіктігі - 5 сантиметр) су басты", - дейді мамандар.
Ол жерді жыл сайын су басып тұрады. Қазіргі кезде қауіпсіз көлік қозғалысын ұйымдастыру үшін арнайы белгілер қойылды. Айналма жолдың тақтасы да орнатылды.
Қазгидрометтің ақпараты бойынша бір тәулік ішінде Есіл өзенінің деңгейі 27 сантиметрге көтеріліп, 978 сантиметрге дейін жетті. Қауіпті деңгейі – 1 050 сантиметр. Оған жеткенде саяжайларды су басады.
Имамның сұхбаты үшін айыппұл: Петропавлда сот журналист қызға салынған жазаның күшін жойды