https://sputnik.kz/20230416/petropavl-manyndagy-khalyqaralyq-taszholdy-su-basty-33979432.html
Петропавл маңындағы халықаралық тасжолды су басты
Петропавл маңындағы халықаралық тасжолды су басты
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 16 сәуір – Sputnik. Петропавл қаласына жақын жерде халықаралық маңызы бар жолды су басты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 16.04.2023, Sputnik Қазақстан
2023-04-16T18:42+0500
2023-04-16T18:42+0500
2023-04-16T18:42+0500
өңірлер
петропавл
https://sputnik.kz/img/07e7/04/10/33977178_0:100:1920:1180_1920x0_80_0_0_c43153e0ea1531aff04d82ca06726952.jpg
АСТАНА, 16 сәуір – Sputnik. Петропавл қаласына жақын жерде халықаралық маңызы бар жолды су басты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Төтенше жағдайлар департаменті ұсынған ақпаратқа сәйкес, Заречный кенті арқылы өтетін жолды су басып қалған.Ол жерді жыл сайын су басып тұрады. Қазіргі кезде қауіпсіз көлік қозғалысын ұйымдастыру үшін арнайы белгілер қойылды. Айналма жолдың тақтасы да орнатылды. Қазгидрометтің ақпараты бойынша бір тәулік ішінде Есіл өзенінің деңгейі 27 сантиметрге көтеріліп, 978 сантиметрге дейін жетті. Қауіпті деңгейі – 1 050 сантиметр. Оған жеткенде саяжайларды су басады.
https://sputnik.kz/20221210/imamnyn-sukhbaty-ushin-ayyppul-petropavlda-sot-zhurnalist-qyzga-salyngan-zhazanyn-kushin-zhoydy-30239472.html
петропавл
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/04/10/33977178_107:0:1814:1280_1920x0_80_0_0_28a2ef5d3818a675104d73cae027c311.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
петропавл
Петропавл маңындағы халықаралық тасжолды су басты
АСТАНА, 16 сәуір – Sputnik. Петропавл қаласына жақын жерде халықаралық маңызы бар жолды су басты, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан.
Төтенше жағдайлар департаменті ұсынған ақпаратқа сәйкес, Заречный кенті арқылы өтетін жолды су басып қалған.
"16 сәуірде Есіл өзеніндегі судың тасуына байланысты "Ресей шекарасы (Челябіге қарай) – Ресей Федерациясының шекарасы (Новосібірге қарай)" бағытындағы М-51 автомобиль жолының 528-ші шақырымында жол учаскесін (ені - 8 метр, ұзындығы - 80 мет, биіктігі - 5 сантиметр) су басты", - дейді мамандар.
Ол жерді жыл сайын су басып тұрады. Қазіргі кезде қауіпсіз көлік қозғалысын ұйымдастыру үшін арнайы белгілер қойылды. Айналма жолдың тақтасы да орнатылды.
Қазгидрометтің ақпараты бойынша бір тәулік ішінде Есіл өзенінің деңгейі 27 сантиметрге көтеріліп, 978 сантиметрге дейін жетті. Қауіпті деңгейі – 1 050 сантиметр. Оған жеткенде саяжайларды су басады.