Оқиға

Полиция Жаркентте табылған ер адамның мәйітіне қатысты ақпарат таратты

Sputnik
АСТАНА, 15 сәуір – Sputnik. Жаркент қаласында ер адамның мәйіті табылды. Оның өліміне иттің қатысы бар-жоғын тексеріліп жатыр, деп хабарлайды ішкі істер министрлігі.
Ресми мәліметке сәйкес, бүгін таңертең көшелердің бірінде 54 жастағы жергілікті тұрғынның мәйіті табылды. Ер адамның басында жануар салған жаралар анықталды.
Итті уақытша ұйықтатып тастады
"Жақын маңдағы жер үйде күшіктеген питбуль анықталды. Оның денесінде қан тәрізді қоңыр дақтар болды. Итті уақытша ұйықтатып тастады. Ер адамның ажалы шынымен де ит қапқаннан кейін болған-болмағаны қазіргі уақытта анықталып жатыр", - дейді полицейлер.
Оқиға орнында Панфилов аудандық полициясының жедел-тергеу тобы барды. Қажетті сараптамалар жүргізіледі.
Қоғам
Бас прокуратура мәйітханадан серіктесінің денесін ұрлаған ер адам туралы айтты