Оқиға

Полиция Жаркентте табылған ер адамның мәйітіне қатысты ақпарат таратты

© Sputnik / Табылды Кадырбековмәйіт
мәйіт - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.04.2023
Жазылу
АСТАНА, 15 сәуір – Sputnik. Жаркент қаласында ер адамның мәйіті табылды. Оның өліміне иттің қатысы бар-жоғын тексеріліп жатыр, деп хабарлайды ішкі істер министрлігі.
Ресми мәліметке сәйкес, бүгін таңертең көшелердің бірінде 54 жастағы жергілікті тұрғынның мәйіті табылды. Ер адамның басында жануар салған жаралар анықталды.
© Photo : Департамент полиции Жетысуской областиИтті уақытша ұйықтатып тастады
В Жетысуской области мужчину загрыз питбуль - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.04.2023
Итті уақытша ұйықтатып тастады
"Жақын маңдағы жер үйде күшіктеген питбуль анықталды. Оның денесінде қан тәрізді қоңыр дақтар болды. Итті уақытша ұйықтатып тастады. Ер адамның ажалы шынымен де ит қапқаннан кейін болған-болмағаны қазіргі уақытта анықталып жатыр", - дейді полицейлер.
Оқиға орнында Панфилов аудандық полициясының жедел-тергеу тобы барды. Қажетті сараптамалар жүргізіледі.
Бас прокуратура - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.02.2022
Қоғам
Бас прокуратура мәйітханадан серіктесінің денесін ұрлаған ер адам туралы айтты
Жаңалықтар
0