Астананың Есіл ауданында қандай көшелер жөндеуге жабылады

Sputnik
АСТАНА, 14 сәуір – Sputnik. Астана қаласы Есіл ауданының әкімі Асылбек Есенбаев биыл жөнделетін көшелер туралы айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Осы жылы ауданда 21 көшеде орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі деген жоспар бар. Жөнделетін көшелердің жалпы ұзындығы – 14 шақырым. Олар:
Мәңгілік ел даңғылы;
Керей Жәнібек хандар көшесі;
Түркістан көшесі;
Қорғалжын тас жолы;
Қонаев көшесі;
Бөкейхан көшесі.
"Бұдан бөлек, 18 учаскеде шұңқырларды жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Соның ішінде Сығанақ, Ақмешіт, Сарайшық, Рысқұлов көшелері, сондай-ақ Шұбар мен Заречный тұрғын үй алабтары бар", - деді Есенбаев халықпен кездесуде.
Биыл төрт көшеде күрделі жөндеу жұмыстары аяқталады. Олар:
Орынбор (Тұран даңғылынан бастап Е102 көшесіне дейін);
Ұлы Дала (№39 көшеден бастап Қалдаяқов көшесіне дейін);
Бөкейхан (№26 мен №27 арасы);
Бұқар жырау (№37 - Тәуелсіздік).
Тағы 4 жаңа көшенің құрылысы басталады. Атап айтқанда, Бұқар жырау (Тұран мен Е102 көшесінің арасы), Т4 мен Т6 (Тұран -Е51 (Барыс Арена), "СатСити" тұрғын үй кешені ішіндегі жолдар (ЕК32, ЕК31, ЕК30, ЕК29, ЕК26, ЕК22, ЕК18, ЕК9 көшелерінің квадраты).
Айта кетері, кездесуге қала әкімі Жеңіс Қасымбек қатысып жатыр. Қала басшысы аудан тұрғындарының сұрағына жауап беруге келді.
Елорда тынысы
Нұр-Сұлтанда тағы кептеліс басталды – әкімдік бір апта шыдауды сұрап отыр