https://sputnik.kz/20220802/nur-sultan-keptelis-akimdik-26471275.html
Нұр-Сұлтанда тағы кептеліс басталды – әкімдік бір апта шыдауды сұрап отыр
Нұр-Сұлтанда тағы кептеліс басталды – әкімдік бір апта шыдауды сұрап отыр
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 2 тамыз – Sputnik. Бүгіннен бастап астанадағы көлік көп жүретін көшелердің бірінде жол қозғалысы жабылды. Соның салдарынан тағы кептеліс басталды... 02.08.2022, Sputnik Қазақстан
2022-08-02T08:33+0500
2022-08-02T08:33+0500
2022-08-02T08:33+0500
елорда тынысы
көлік кептелісі
астана
https://sputnik.kz/img/735/34/7353405_0:317:6017:3701_1920x0_80_0_0_b5519fd14c1872629ad92ad68ee0581c.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 2 тамыз – Sputnik. Бүгіннен бастап астанадағы көлік көп жүретін көшелердің бірінде жол қозғалысы жабылды. Соның салдарынан тағы кептеліс басталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Бұған дейін әкімідік 2-8 тамыз аралығында Мәңгілік Ел даңғылының бойында Достық көшесінен Сарайшық көшесіне дейінгі учаскеде қозғалыс толығымен жабылатыны туралы хабар таратқан. Бүгін таңата көлік жүргізушілерінің көбісі Қабанбай батыр даңғылымен немесе Түркістан көшесімен жұмысқа жетуге тырысып жатыр. Мәңгілік елдің бойында Достық көшесіне дейін көлік аз. Дегенмен, Достық көшесіне бұрылатын жерде кептеліс басталады. Ал Түркістан көшесімен қиылысатын жерінде ине шаншар жер жоқ. Екі жақтан да біраз көлік жиналып қалған. Қиылыста патрульдік полицейлер жол қозғалысын реттеп тұр. Алайда көліктер тым баяу өтіп жатыр. Қала әкімдігі болса, кептеліске тап болмау үшін жол қозғалысын алдын ала жоспарлауға кеңес беріп отыр. Айта кетері, бұған дейін Мәңгілік ел даңғылының Керей, Жәнібек хандар көшесінен Достыққа дейінгі учаскесі 9 күнге жабылған болатын.
астана
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/735/34/7353405_330:0:5685:4016_1920x0_80_0_0_2fa52b0c73bf2872cd039708e1b71961.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
көлік кептелісі, астана
Нұр-Сұлтанда тағы кептеліс басталды – әкімдік бір апта шыдауды сұрап отыр
НҰР-СҰЛТАН, 2 тамыз – Sputnik. Бүгіннен бастап астанадағы көлік көп жүретін көшелердің бірінде жол қозғалысы жабылды. Соның салдарынан тағы кептеліс басталды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан.
Бұған дейін әкімідік 2-8 тамыз аралығында Мәңгілік Ел даңғылының бойында Достық көшесінен Сарайшық көшесіне дейінгі учаскеде қозғалыс толығымен жабылатыны туралы хабар таратқан.
Бүгін таңата көлік жүргізушілерінің көбісі Қабанбай батыр даңғылымен немесе Түркістан көшесімен жұмысқа жетуге тырысып жатыр. Мәңгілік елдің бойында Достық көшесіне дейін көлік аз.
Дегенмен, Достық көшесіне бұрылатын жерде кептеліс басталады. Ал Түркістан көшесімен қиылысатын жерінде ине шаншар жер жоқ. Екі жақтан да біраз көлік жиналып қалған. Қиылыста патрульдік полицейлер жол қозғалысын реттеп тұр. Алайда көліктер тым баяу өтіп жатыр.
Қала әкімдігі болса, кептеліске тап болмау үшін жол қозғалысын алдын ала жоспарлауға кеңес беріп отыр.
"Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмау үшін қозғалыс бағыттарын алдын ала жоспарлауы қажет. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жөндеу жұмыстарын жүргізуге түсіністікпен қарауды сұраймыз", - дейді әкімдік мамандары.
Айта кетері, бұған дейін Мәңгілік ел даңғылының Керей, Жәнібек хандар көшесінен Достыққа дейінгі учаскесі 9 күнге жабылған болатын.