Шымкентте туберкулездің ашық формасымен ауырған педагог оқушыларға сабақ берген

Sputnik
АЛМАТЫ, 13 сәуір – Sputnik. Шымкенттегі №33 мектепте туберкулезбен ауырған мұғалім оқушыларға сабақ берген, деп хабарлады облыстық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының баспасөз қызметі.
Туберкулездің ашық формасымен ауырған мұғалім бастауыш сыныптарға сабақ берген. Бұл жағдай 11 сәуірде анықталды. Осыған байланысты мектеп дезинфекцияланды.
"12 сәуірде мектеп директорының тапсырмасымен белгісіз себептермен бастауыш сыныптары онлайн форматта оқуға ауыстырылған. 13 сәуірде оқушылар қалыпты жағдайда оқуын жалғастырды. Мектепте науқаспен байланыста болғандар анықталып, медициналық бақылауға алынды. Қазіргі таңда науқас ауруханада оқшауланып, ем алып жатыр", - деп мәлімдеді ведомство.
Қоғам
Қызылордада сифилис жұқтырған "11 ұстаздың" қайда істейтіні анықталды