Қоғам

Белсенділер Тайжан мен Әлтаев қамауға алынды

Sputnik
АСТАНА, 12 сәуір – Sputnik. 9 сәуірде Алматыда рұқсат етілмеген митингіге қатысқан белсенді Мұхтар Тайжан 15 тәулікке қамауға алынды.
"Алматы қаласының әкімшілік құқықбұзушылық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысымен М.Тайжан 5 күнге әкімшілік қамаққа алу түріндегі жауапкершілікке тартылды. Ол Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 488-бабының 6-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды", - деді соттың баспасөз қызметі.
Жарлық күшіне енген жоқ.
Нұржан Әлтаев
БАҚ саясаткер Нұржан Әлтаев түнде Астанада 15 тәулікке қамауға алынғанын хабарлап жатыр. Оны бейбіт жиындарды ұйымдастыру ережелерін бұзғаны үшін қамауға алған. Әлтаев әлеуметтік желілерде видео жариялаған. Кеше кешке наразылық білдірген жаңаөзендік мұнайшылардың ұсталуына байланысты халықты Астана қаласының Алматы аудандық полиция басқармасы алдында жиналуға шақырған.
Сондай-ақ, Алматыда белсенді Әлнұр Ілияшевтің ұсталғаны туралы хабарланып жатыр.
Жаңаөзенде бір топ адам жолды жауып тастады