Қоғам

Белсенділер Тайжан мен Әлтаев қамауға алынды

© Sputnik / Болат ШайхиновМухтар Тайжан
Мухтар Тайжан - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.04.2023
Жазылу
АСТАНА, 12 сәуір – Sputnik. 9 сәуірде Алматыда рұқсат етілмеген митингіге қатысқан белсенді Мұхтар Тайжан 15 тәулікке қамауға алынды.
"Алматы қаласының әкімшілік құқықбұзушылық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысымен М.Тайжан 5 күнге әкімшілік қамаққа алу түріндегі жауапкершілікке тартылды. Ол Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 488-бабының 6-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды", - деді соттың баспасөз қызметі.
Жарлық күшіне енген жоқ.
© Sputnik / Абзал КалиевНұржан Әлтаев
Лидер незарегистрированной партии El Tiregi Нуржан Альтаев на митинге в Нур-Султане  - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.04.2023
Нұржан Әлтаев
БАҚ саясаткер Нұржан Әлтаев түнде Астанада 15 тәулікке қамауға алынғанын хабарлап жатыр. Оны бейбіт жиындарды ұйымдастыру ережелерін бұзғаны үшін қамауға алған. Әлтаев әлеуметтік желілерде видео жариялаған. Кеше кешке наразылық білдірген жаңаөзендік мұнайшылардың ұсталуына байланысты халықты Астана қаласының Алматы аудандық полиция басқармасы алдында жиналуға шақырған.
Сондай-ақ, Алматыда белсенді Әлнұр Ілияшевтің ұсталғаны туралы хабарланып жатыр.
Маңғыстауда мұнай компанияларына жұмысқа тұрғызуды талап еткен тұрғындар жолды жауып тастады - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.04.2023
Жаңаөзенде бір топ адам жолды жауып тастады
Жаңалықтар
0