Шетелдік компаниялар Қазақстанның қай өңірлеріне инвестиция салады

Sputnik
АСТАНА, 11 сәуір – Sputnik. 2022 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанға тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы ағыны 28 миллиард долларды құрады, бұл 2021 жылмен салыстырғанда (23,8 миллиард доллар) 17,7%-ке артық.
"Бұл соңғы 10 жылдағы рекордтық көрсеткіш – 2012 жылы бұл көрсеткіш $28,9 миллиард долларға жетті", - деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.
Республикаға салынған инвестиция көлемі бойынша Нидерланды – 8,33 миллиард доллар (өсім 19,7%), АҚШ – 5,1 миллиард доллар (+81,9%), Швейцария – 2,8 миллиард доллар (+2,4%), Бельгия – 1,56 миллиард доллар (+46%), Ресей – 1,52 миллиард доллар (-19,7%) көш бастап тұр.

Қай өңірлерге құйылған инвестиция көлемі көп

Өңірлер арасында Атырау облысы – 8,2 миллиард доллар (+48%) және мегаполистер: Алматы – 7,57 миллиард доллар (+11%), Астана – 2,25 миллиард доллар (екі есе өсім) көш бастап тұр.
Шығыс Қазақстан облысына 2,2 миллиард доллар (+3%), Батыс Қазақстан облысына 1,12 миллиард доллар (+7%), Алматы облысына 698,2 миллион доллар (+47%) тартылды.