https://sputnik.kz/20230411/sheteldik-kompaniyalar-qazaqstannyn-qay-onirlerine-investitsiya-salady-33775732.html
Шетелдік компаниялар Қазақстанның қай өңірлеріне инвестиция салады
Шетелдік компаниялар Қазақстанның қай өңірлеріне инвестиция салады
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 11 сәуір – Sputnik. 2022 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанға тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы ағыны 28 миллиард долларды құрады, бұл 2021... 11.04.2023, Sputnik Қазақстан
2023-04-11T08:42+0500
2023-04-11T08:42+0500
2023-04-11T08:42+0500
инвестиция
https://sputnik.kz/img/1123/18/11231866_0:72:1280:792_1920x0_80_0_0_15fc11ece953d2ebd862f029bdeedc29.jpg
АСТАНА, 11 сәуір – Sputnik. 2022 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанға тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы ағыны 28 миллиард долларды құрады, бұл 2021 жылмен салыстырғанда (23,8 миллиард доллар) 17,7%-ке артық."Бұл соңғы 10 жылдағы рекордтық көрсеткіш – 2012 жылы бұл көрсеткіш $28,9 миллиард долларға жетті", - деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.Республикаға салынған инвестиция көлемі бойынша Нидерланды – 8,33 миллиард доллар (өсім 19,7%), АҚШ – 5,1 миллиард доллар (+81,9%), Швейцария – 2,8 миллиард доллар (+2,4%), Бельгия – 1,56 миллиард доллар (+46%), Ресей – 1,52 миллиард доллар (-19,7%) көш бастап тұр.Қай өңірлерге құйылған инвестиция көлемі көпӨңірлер арасында Атырау облысы – 8,2 миллиард доллар (+48%) және мегаполистер: Алматы – 7,57 миллиард доллар (+11%), Астана – 2,25 миллиард доллар (екі есе өсім) көш бастап тұр.Шығыс Қазақстан облысына 2,2 миллиард доллар (+3%), Батыс Қазақстан облысына 1,12 миллиард доллар (+7%), Алматы облысына 698,2 миллион доллар (+47%) тартылды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1123/18/11231866_64:0:1216:864_1920x0_80_0_0_fe311645296471a7402ab08cc946eec1.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
инвестиция
АСТАНА, 11 сәуір – Sputnik. 2022 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанға тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы ағыны 28 миллиард долларды құрады, бұл 2021 жылмен салыстырғанда (23,8 миллиард доллар) 17,7%-ке артық.
"Бұл соңғы 10 жылдағы рекордтық көрсеткіш – 2012 жылы бұл көрсеткіш $28,9 миллиард долларға жетті", - деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.
Республикаға салынған инвестиция көлемі бойынша Нидерланды – 8,33 миллиард доллар (өсім 19,7%), АҚШ – 5,1 миллиард доллар (+81,9%), Швейцария – 2,8 миллиард доллар (+2,4%), Бельгия – 1,56 миллиард доллар (+46%), Ресей – 1,52 миллиард доллар (-19,7%) көш бастап тұр.
Қай өңірлерге құйылған инвестиция көлемі көп
Өңірлер арасында Атырау облысы – 8,2 миллиард доллар (+48%) және мегаполистер: Алматы – 7,57 миллиард доллар (+11%), Астана – 2,25 миллиард доллар (екі есе өсім) көш бастап тұр.
Шығыс Қазақстан облысына 2,2 миллиард доллар (+3%), Батыс Қазақстан облысына 1,12 миллиард доллар (+7%), Алматы облысына 698,2 миллион доллар (+47%) тартылды.