Қызылорда мектебіндегі төбелестен кейін директордың екі орынбасары қызметінен босатылды

Sputnik
АСТАНА, 10 сәуір – Sputnik. Қызылордада мектеп оқушылары арасындағы төбелестен кейін директордың екі орынбасары қызметінен босатылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
4 сәуірде Б.Шалғынбаев атындағы 217 ІТ мектепте жоғары сыныптың екі оқушысы төбелесіп қалған. Сол кезде біреуі қарсыласын пышақпен жарақаттаған. Жасөспірімді ауруханаға жеткізген. Жарақаты ауыр болмағасын үйіне жіберілген. Осы оқиғадан кейін мектепте директордың екі орынбасары қызметінен босатылды.
"Мектеп директорының тәрбие жөніндегі екі орынбасары қызметінен алынды. Олар мектепте мұғалім болып қалды, яғни алдағы уақытта балаларға сабақ береді", - дейді қалалық білім бөлімінің баспасөз хатшысы Жарасхан Қуанышбайұлы.
Айта кетері, 6 сәуірде Қызылорда облысының Қазалы ауданында да мектеп оқушысы соққыға жығылды. 13 сәуірде облыстық білім басқармасының кеңейтілген отырысы өтеді. Сол жерде 266 мен 70 мектеп лицейлерінінің басшыларына қатысты шара қолдану мәселесі қаралады.
Өскеменде оқушыны аяусыз соққыға жықты: ата-аналар президенттен көмек сұрады