https://sputnik.kz/20230410/oskemende-oqushyny-ayausyz-soqqyga-zhyqty-ata-analar-prezidentten-komek-surady-33742862.html
Өскеменде оқушыны аяусыз соққыға жықты: ата-аналар президенттен көмек сұрады
Өскеменде оқушыны аяусыз соққыға жықты: ата-аналар президенттен көмек сұрады
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 10 сәуір – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласындағы ойын-сауық кешендерінің бірінде қызды ұрып-соқан жастардың шуы әлі басылмады. Өскемендік... 10.04.2023, Sputnik Қазақстан
2023-04-10T10:46+0500
2023-04-10T10:46+0500
2023-04-10T10:47+0500
өскемен
https://sputnik.kz/img/07e5/09/10/18140912_58:0:1500:811_1920x0_80_0_0_03656bf5e481a9fd5716e7c27b9c71c1.jpg
АЛМАТЫ, 10 сәуір – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласындағы ойын-сауық кешендерінің бірінде қызды ұрып-соқан жастардың шуы әлі басылмады. Өскемендік ата-аналар президенттен көмек сұрады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Ата-аналардың шағымы туралы "Немолчи" қоры жариялады. Қазіргі күні қызды ұрып-соққан оқушы мектепте жүр. Ал ата-аналар оны мінез-құлқы девиантты балалар мектебіне ауыстыруды талап етіп жатыр. Сондай-ақ олардың айтуынша, шағым айтқан ата-аналарға мектеп тарапынан қысым көрсетілген.Айта кетері, ұрып-соққан оқушының анасы Өскемен қалалық білім бөлімінде кадр бөлімінің басшысы болып қызмет етеді. Ал әкесі антикорда емес, мемлекеттік мекемеде күзетші екен.Ал соққыға жыққан оқушы Оралхан Бөкей атындағы 44-лицейде 9-шы сыныпта оқиды. Педагогтардың айтуынша, оқушы 9 жылда бір де бір рет тәртіп бұзбаған."44-лицей директоры Жаңыл Назарбаеваның айтуынша, оқушы мектеп қабырғасында бұрын-соңды теріс қылық көрсеткен емес. Ешбір ата-анадан бүгінге дейін шағым түспеген. Оқушының тәртібі мектепішілік комиссияда қаралып, есепке алынды. Оны күнделікті ата-анасы күтіп алып, әкетіп жүр. Ал мектептегі жүріс-тұрысы қатаң бақылауда", - дейді қалалық білім бөлімінің басшысы.Ал лицей директоры Жаңыл Назарбаева қатаң сөгіс алды. Құқық қорғау органдары тергеу 2-3 айға созылатынын айтады. Сәуле Алагөзова ата-аналардың шағым айтып, қобалжуы орынды дейді.Еске сала кетейік, оқиға 3 наурызда болған. Өскемендегі ойын-сауық орталықтарының бірінде әжетханада жасөспірімді шешіндіріп тастап, қатарластары аяусыз соққыға жыққан. Олардың бірі төбелесті ұялы телефонға түсіріп тұрған. Оқиға араға 1 ай өткеннен кейін ғана әлеуметтік желі арқылы әшкере болды. Қазіргі күні тергеу жүріп жатыр.
өскемен
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/09/10/18140912_419:0:1500:811_1920x0_80_0_0_c67e330f76b152c61a051afec644ff1b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
өскемен
АЛМАТЫ, 10 сәуір – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласындағы ойын-сауық кешендерінің бірінде қызды ұрып-соқан жастардың шуы әлі басылмады. Өскемендік ата-аналар президенттен көмек сұрады, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Ата-аналардың шағымы туралы "Немолчи" қоры жариялады. Қазіргі күні қызды ұрып-соққан оқушы мектепте жүр. Ал ата-аналар оны мінез-құлқы девиантты балалар мектебіне ауыстыруды талап етіп жатыр. Сондай-ақ олардың айтуынша, шағым айтқан ата-аналарға мектеп тарапынан қысым көрсетілген.
Айта кетері, ұрып-соққан оқушының анасы Өскемен қалалық білім бөлімінде кадр бөлімінің басшысы болып қызмет етеді. Ал әкесі антикорда емес, мемлекеттік мекемеде күзетші екен.
"Қазіргі күні қылмыстық іс қозғалды. Қызды ұрып-соққан оқушының анасы, кадр бөлімінің басшысы қазір денсаулығына байланысты демалыста. Ол кісі ауырып жатқандықтан еш шара қолдана алмаймыз. Жазылып жұмысқа шыққан соң ары қарай жұмыс істей ме, жоқ па шешіледі", - дейді Өскемен қалалық білім бөлімі басшысы Сәуле Алагөзова.
Ал соққыға жыққан оқушы Оралхан Бөкей атындағы 44-лицейде 9-шы сыныпта оқиды. Педагогтардың айтуынша, оқушы 9 жылда бір де бір рет тәртіп бұзбаған.
"44-лицей директоры Жаңыл Назарбаеваның айтуынша, оқушы мектеп қабырғасында бұрын-соңды теріс қылық көрсеткен емес. Ешбір ата-анадан бүгінге дейін шағым түспеген. Оқушының тәртібі мектепішілік комиссияда қаралып, есепке алынды. Оны күнделікті ата-анасы күтіп алып, әкетіп жүр. Ал мектептегі жүріс-тұрысы қатаң бақылауда", - дейді қалалық білім бөлімінің басшысы.
Ал лицей директоры Жаңыл Назарбаева қатаң сөгіс алды. Құқық қорғау органдары тергеу 2-3 айға созылатынын айтады. Сәуле Алагөзова ата-аналардың шағым айтып, қобалжуы орынды дейді.
Еске сала кетейік, оқиға 3 наурызда болған. Өскемендегі ойын-сауық орталықтарының бірінде әжетханада жасөспірімді шешіндіріп тастап, қатарластары аяусыз соққыға жыққан. Олардың бірі төбелесті ұялы телефонға түсіріп тұрған. Оқиға араға 1 ай өткеннен кейін ғана әлеуметтік желі арқылы әшкере болды. Қазіргі күні тергеу жүріп жатыр.