АЛМАТЫ, 6 наурыз – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысының орталығында ірі көлемде есіртікі заты тәркіленді, деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Марихуана 32 жастағы тұрғынның жекеменшік гаражынан табылған. Салмағы 128 кг, бұл 64 мың бір реттік дозаға тең. Бұл есірткі затын тұрғын сатпақ болған.
"Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-тармағының 3-бөлігі "өткізу мақсатында аса ірі мөлшерде есірткі құралдарын сақтау" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр", - деп мәлімдеді ведомство.
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Ол 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.