Оралда әйел суицид жасамақ болды

Sputnik
АЛМАТЫ, 4 сәуір – Sputnik. Оралда әйел адам бесінші қабаттан секімек болды, деп хабарлайды қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Оқиға 3 сәуірде болған. Полиция батальонының екі инспекторы әкімшілік аймақты тексеріп жүріп, жиналып тұрған бір топ адамды көрген.
"Руслан Мұқсанов пен Райымбек Қабылов кешкі сағат 20.15 шамасында "Зачаганск" ықшам ауданы Чапаев дивизиясы көшесіндегі 5 қабатты үйдің балконында ілініп тұрған әйел адамды көреді. Олар пәтерге кіріп, әйелді мұндай әрекетке бармауға көндіріп, үйге кіргізіп алған", - дейді ведомство.
Әйел бұл әрекетке отбасылық кикілжіңнен кейін өмірден түңіліп кеткендіктен барғанын айтқан.
"Шошытып алмайық деп бір-бірлеп подъезге кірдік. Сосын пәтерге кірдік. Жоғарыдан төменге қарап тұрған әйелді жәймен ғана, жылы сөйлеп ішке шақырып, қолтығынан көтеріп, терезеден кіргіздік. Мақсатымыз аман алып қалу ғана болды. Жас адам, өмірі әлі алда ғой",- дейді полицейлер.
Өңірлер
Алматыда ер адамды суицидтен құтқарған полицейлер марапатталды