https://sputnik.kz/20230404/oralda-ayel-suitsid-zhasamaq-boldy-33569567.html
Оралда әйел суицид жасамақ болды
Оралда әйел суицид жасамақ болды
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 4 сәуір – Sputnik. Оралда әйел адам бесінші қабаттан секімек болды, деп хабарлайды қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі. 04.04.2023, Sputnik Қазақстан
2023-04-04T21:13+0500
2023-04-04T21:13+0500
2023-04-04T21:13+0500
суицид
https://sputnik.kz/img/07e5/02/12/16321277_1:0:3000:1687_1920x0_80_0_0_7ecc72c5faf4e46c13d9f68b7c382ad4.jpg
АЛМАТЫ, 4 сәуір – Sputnik. Оралда әйел адам бесінші қабаттан секімек болды, деп хабарлайды қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.Оқиға 3 сәуірде болған. Полиция батальонының екі инспекторы әкімшілік аймақты тексеріп жүріп, жиналып тұрған бір топ адамды көрген."Руслан Мұқсанов пен Райымбек Қабылов кешкі сағат 20.15 шамасында "Зачаганск" ықшам ауданы Чапаев дивизиясы көшесіндегі 5 қабатты үйдің балконында ілініп тұрған әйел адамды көреді. Олар пәтерге кіріп, әйелді мұндай әрекетке бармауға көндіріп, үйге кіргізіп алған", - дейді ведомство.Әйел бұл әрекетке отбасылық кикілжіңнен кейін өмірден түңіліп кеткендіктен барғанын айтқан."Шошытып алмайық деп бір-бірлеп подъезге кірдік. Сосын пәтерге кірдік. Жоғарыдан төменге қарап тұрған әйелді жәймен ғана, жылы сөйлеп ішке шақырып, қолтығынан көтеріп, терезеден кіргіздік. Мақсатымыз аман алып қалу ғана болды. Жас адам, өмірі әлі алда ғой",- дейді полицейлер.
https://sputnik.kz/20230311/almaty-er-adam-suitsid-politseyler-marapat-32836923.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/02/12/16321277_376:0:2625:1687_1920x0_80_0_0_fcd5e5f858499da4164200942a14ce30.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
суицид
Оралда әйел суицид жасамақ болды
АЛМАТЫ, 4 сәуір – Sputnik. Оралда әйел адам бесінші қабаттан секімек болды, деп хабарлайды қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Оқиға 3 сәуірде болған. Полиция батальонының екі инспекторы әкімшілік аймақты тексеріп жүріп, жиналып тұрған бір топ адамды көрген.
"Руслан Мұқсанов пен Райымбек Қабылов кешкі сағат 20.15 шамасында "Зачаганск" ықшам ауданы Чапаев дивизиясы көшесіндегі 5 қабатты үйдің балконында ілініп тұрған әйел адамды көреді. Олар пәтерге кіріп, әйелді мұндай әрекетке бармауға көндіріп, үйге кіргізіп алған", - дейді ведомство.
Әйел бұл әрекетке отбасылық кикілжіңнен кейін өмірден түңіліп кеткендіктен барғанын айтқан.
"Шошытып алмайық деп бір-бірлеп подъезге кірдік. Сосын пәтерге кірдік. Жоғарыдан төменге қарап тұрған әйелді жәймен ғана, жылы сөйлеп ішке шақырып, қолтығынан көтеріп, терезеден кіргіздік. Мақсатымыз аман алып қалу ғана болды. Жас адам, өмірі әлі алда ғой",- дейді полицейлер.