Алматыда тағы бір қоғамдық көлік өртеніп кетті

Sputnik
АЛМАТЫ, 4 сәуір – Sputnik. Алматының Түрксіб ауданындағы Қайрат шағын ауданында қоғамдық көлік өртенді, деп хабарлады қалалық төтенше жағдайлар департаменті.
Оқиға 3 наурызда түнгі сағат 23:15-те болған. Бұл 25-ші маршрут. 2018 жылы шығарылған "Лиаз-529265" автобусы. Өрт сөндірушілер 3 минутта тілсіз жауды өшіріп үлгерді.
"Көлік құралы 2-3 минутта-ақ түк қалмай жанып кетеді. Сол себепті жолаушылар осындай жағдай сезіле салып, бірден көліктен тез шығып үлгеруі керек", - дейді құтқарушылар.
Қоғамдық көлік "Алматы электротранс" мекемесіне тиесілі. Бірақ бұл мекеме қандай да бір уәж айтудан бас тартты.
Еске сала кетейік, осыдан екі ай бұрын ғана Алматыда автобус өртенген болатын. Ол да "Лиаз" маркалы автобус болған.
Оқиға
Алматыда жүріп келе жатқан автобус өртенді