https://sputnik.kz/20230215/almaty-avtobus-ortendi-32152313.html
Алматыда жүріп келе жатқан автобус өртенді
Алматыда жүріп келе жатқан автобус өртенді
Sputnik Қазақстан
Төтенше жағдай кезінде қоғамдық көліктің салонында жолаушылар болмаған 15.02.2023, Sputnik Қазақстан
2023-02-15T14:49+0500
2023-02-15T14:49+0500
2023-02-15T14:49+0500
оқиға
алматы
автобус
https://sputnik.kz/img/07e6/09/06/27317090_3:0:3644:2048_1920x0_80_0_0_e3b111eb1eeb6c0864a91ea5eb65b29e.jpg
АСТАНА, 15 ақпан – Sputnik. Алматы қаласында №131 бағыт бойынша жүретін "ЛиАЗ" маркалы автобус өртенді.Оқиға бүгін, 15 ақпанда сағат 8:28-де болды, деп хабарлайды Алматы қалалық мобильділік басқармасы.Жүргізуші автобуста техникалық ақау барын байқаған. Сөйтіп нұсқаулыққа сәйкес жолаушыларға ескертіп, оларды аялдамаға түсіріп кеткен. Осыдан кейін өзі техникалық ақауды жою үшін автопаркке бет алған. Әл-Фараби даңғылымен оңтүстік бағытта келе жатқанда автобустың қозғалтқышынан өрт шыққан."Сағат 8:45-те оқиға орнына келген ТЖД қызметкерлері қызыл жалынды ауыздықтап, 8:50-де өрт толығымен сөндірді. Жәбірленушілер мен зардап шеккендер жоқ, оқиға орнында уәкілетті органдар жұмыс істеді", - деді басқармадағылар.Белгілі болғандай, өрт нормативтік пайдалану мерзімі аяқталып қалған "ЛиАЗ" маркалы автобустан шыққан. Жылжымалы құрамды жаңарту үшін Алматы әкімдігі жаңа автобустар сатып алуға кіріскен.2023 жылы 300 жаңа автобус сатып алу және 100 троллейбусты жаңарту жоспарланған. Жеке автопарктер газбен жүретін 150 автобус сатып алып жатыр, деп мәлімдеді қалалық басқарма.
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/09/06/27317090_458:0:3189:2048_1920x0_80_0_0_c79b5da5bca692df24b843551b3e7334.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы, автобус
Алматыда жүріп келе жатқан автобус өртенді
Төтенше жағдай кезінде қоғамдық көліктің салонында жолаушылар болмаған
АСТАНА, 15 ақпан – Sputnik. Алматы қаласында №131 бағыт бойынша жүретін "ЛиАЗ" маркалы автобус өртенді.
Оқиға бүгін, 15 ақпанда сағат 8:28-де болды, деп хабарлайды Алматы қалалық мобильділік басқармасы.
Жүргізуші автобуста техникалық ақау барын байқаған. Сөйтіп нұсқаулыққа сәйкес жолаушыларға ескертіп, оларды аялдамаға түсіріп кеткен. Осыдан кейін өзі техникалық ақауды жою үшін автопаркке бет алған. Әл-Фараби даңғылымен оңтүстік бағытта келе жатқанда автобустың қозғалтқышынан өрт шыққан.
"Сағат 8:45-те оқиға орнына келген ТЖД қызметкерлері қызыл жалынды ауыздықтап, 8:50-де өрт толығымен сөндірді. Жәбірленушілер мен зардап шеккендер жоқ, оқиға орнында уәкілетті органдар жұмыс істеді", - деді басқармадағылар.
Белгілі болғандай, өрт нормативтік пайдалану мерзімі аяқталып қалған "ЛиАЗ" маркалы автобустан шыққан. Жылжымалы құрамды жаңарту үшін Алматы әкімдігі жаңа автобустар сатып алуға кіріскен.
2023 жылы 300 жаңа автобус сатып алу және 100 троллейбусты жаңарту жоспарланған. Жеке автопарктер газбен жүретін 150 автобус сатып алып жатыр, деп мәлімдеді қалалық басқарма.