АСТАНА, 3 сәуір – Sputnik. Мемлекет басшысының жарлығымен премьер-министрдің орынбасарлары тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда.
Роман Скляр үкімет басшысының бірінші орынбасары болып қалды. Серік Жұманғарин де премьер-министрдің орынбасары – сауда және интеграция министрі қызметін ары қарай атқарады.
Бұдан бөлек, президенттің жарлығымен Ғалымжан Қойшыбаев Қазақстан премьер-Министрінің орынбасары – үкімет аппаратының басшысы лауазымына тағайындалды.
Роман Скляр 2019 жылдан бері премьер-министрдің орынбасары қызметін атқарып жүр. Ал 2022 жылы 11 қаңтарда бірінші орынбасарына дейін көтерілді. Оның құзіретіне көлік, энергетика, инфрақұрылым, логистика, қоршаған ортаны қорғау, төтенше жағдайлар, мұнай-газ, ғарыш пен қорғаныс саласы кіреді.
Ал Серік Жұманғарин былтыр қыркүйек айында премьер-министрдің орынбасары – сауда және интеграция министрі қызметіне кіріскен болатын. Ол сауда саясаты, агроөнеркәсіп, жер қатынастары мен ЕАЭО аясындағы ынтымақтастық мәселелеріне жауап береді.