https://sputnik.kz/20230403/smayylovtyn-ush-orynbasary-ornyn-saqtap-qaldy-33536377.html
Смайыловтың үш орынбасары орнын сақтап қалды
Смайыловтың үш орынбасары орнын сақтап қалды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 3 сәуір – Sputnik. Мемлекет басшысының жарлығымен премьер-министрдің орынбасарлары тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда. 03.04.2023, Sputnik Қазақстан
2023-04-03T16:34+0500
2023-04-03T16:34+0500
2023-04-03T16:34+0500
үкімет
https://sputnik.kz/img/939/55/9395595_0:85:1620:996_1920x0_80_0_0_a8145f998c004de10bff2327fa941659.jpg
АСТАНА, 3 сәуір – Sputnik. Мемлекет басшысының жарлығымен премьер-министрдің орынбасарлары тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда. Роман Скляр үкімет басшысының бірінші орынбасары болып қалды. Серік Жұманғарин де премьер-министрдің орынбасары – сауда және интеграция министрі қызметін ары қарай атқарады. Бұдан бөлек, президенттің жарлығымен Ғалымжан Қойшыбаев Қазақстан премьер-Министрінің орынбасары – үкімет аппаратының басшысы лауазымына тағайындалды.Роман Скляр 2019 жылдан бері премьер-министрдің орынбасары қызметін атқарып жүр. Ал 2022 жылы 11 қаңтарда бірінші орынбасарына дейін көтерілді. Оның құзіретіне көлік, энергетика, инфрақұрылым, логистика, қоршаған ортаны қорғау, төтенше жағдайлар, мұнай-газ, ғарыш пен қорғаныс саласы кіреді. Ал Серік Жұманғарин былтыр қыркүйек айында премьер-министрдің орынбасары – сауда және интеграция министрі қызметіне кіріскен болатын. Ол сауда саясаты, агроөнеркәсіп, жер қатынастары мен ЕАЭО аясындағы ынтымақтастық мәселелеріне жауап береді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/939/55/9395595_90:0:1530:1080_1920x0_80_0_0_29fec97f63db60fe9a3ef3d6eebd7fff.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
үкімет
АСТАНА, 3 сәуір – Sputnik. Мемлекет басшысының жарлығымен премьер-министрдің орынбасарлары тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда.
Роман Скляр үкімет басшысының бірінші орынбасары болып қалды. Серік Жұманғарин де премьер-министрдің орынбасары – сауда және интеграция министрі қызметін ары қарай атқарады.
Бұдан бөлек, президенттің жарлығымен Ғалымжан Қойшыбаев Қазақстан премьер-Министрінің орынбасары – үкімет аппаратының басшысы лауазымына тағайындалды.
Роман Скляр 2019 жылдан бері премьер-министрдің орынбасары қызметін атқарып жүр. Ал 2022 жылы 11 қаңтарда бірінші орынбасарына дейін көтерілді. Оның құзіретіне көлік, энергетика, инфрақұрылым, логистика, қоршаған ортаны қорғау, төтенше жағдайлар, мұнай-газ, ғарыш пен қорғаныс саласы кіреді.
Ал Серік Жұманғарин былтыр қыркүйек айында премьер-министрдің орынбасары – сауда және интеграция министрі қызметіне кіріскен болатын. Ол сауда саясаты, агроөнеркәсіп, жер қатынастары мен ЕАЭО аясындағы ынтымақтастық мәселелеріне жауап береді.