Диетолог қант деңгейін қалыпқа келтіретін төрт тағамды атады

Sputnik
АСТАНА, 28 наурыз – Sputnik. Америкалық диетолог Мэри Сабат қандағы қант деңгейіне оң әсер ететін төрт тағамды атады, деп жазды She Finds.
Диетологтың айтуынша, қант деңгейін тұрақтандыру үшін жасұныққа бай тағамдарды таңдау керек. Ол мұндай тағамның бірі көмірсулардың қорытылуын бәсеңдетуге көмектесетін сұлы үлпегі екенін атап өтті. Сұлы үлпегін ақуыздармен және пайдалы майлармен біріктіру керек.
Жапырақты көкөніс, асжапырақ және қырыққабат та қант деңгейін қалыпқа келтіреді. Сонымен қатар жаңғақтар мен пісте қанттың сіңуін баяулатады.
Диетолог сондай-ақ ас қорытуға пайдалы ақуыз, май және пробиотиктер қосылған грек йогуртын тұтынуды ұсынды.
Эндокринолог темекі қант диабетіне шалдықтыратынын айтты