АСТАНА, 2 сәуір - Sputnik. Әлемнің жетінші ракеткасы Елена Рыбакина Майамиде өткен WTA-1000 турнирінің финалында чехиялық теннисші Петра Квитовадан жеңіліп қалды.
Петра Квитова - "Уимблдонның" екі дүркін чемпионы, кезінде әлемнің екінші ракеткасы болған. Қазіргі уақытта әлемдік рейтингте 12-ші орында тұр.
Финалдағы жекпе-жектің есебі - 7:6(16:14), 6:2.
Елена Рыбакинада 5 сетболболды. Ол әлемдік рейтингте жетінші позицияға тұрақтады.
Марапаттау рәсімі кезінде Рыбакина турнир барысында қолдау көрсеткен барша жұртқа алғысын білдірді. Спортшы жеке өзінің командасына алғысын айтып, Майамиге тағы келетінін айтты.