АСТАНА, 1 сәуір – Sputnik. Жетісу облысының Көксу ауданында сенбі күні таңертең қазандық жарылып, оқиға салдарынан бір жұмысшы қаза тапты, деп хабарлады аудандық әкімдіктегілер.
"1 сәуір күні сағат 08.52-де Көксу ауданы, Қазақстан ауылында жалпы ауданы 22 шаршы метр қазандық жарылған. Апат салдарынан бір жұмысшы қаза тапты", - деп хабарлады Көксу ауданының әкімдігі.
Қазіргі уақытта жарылыс қаупі жоқ, оқиғаның себебі анықталып жатыр.