Жетісу облысында қазандық жарылып, бір адам қаза болды

© Photo : Акимат Коксуского районаКотельная взорвалась в Жетысуской области, погиб человек
Котельная взорвалась в Жетысуской области, погиб человек - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.04.2023
Жазылу
АСТАНА, 1 сәуір – Sputnik. Жетісу облысының Көксу ауданында сенбі күні таңертең қазандық жарылып, оқиға салдарынан бір жұмысшы қаза тапты, деп хабарлады аудандық әкімдіктегілер.
"1 сәуір күні сағат 08.52-де Көксу ауданы, Қазақстан ауылында жалпы ауданы 22 шаршы метр қазандық жарылған. Апат салдарынан бір жұмысшы қаза тапты", - деп хабарлады Көксу ауданының әкімдігі.
Қазіргі уақытта жарылыс қаупі жоқ, оқиғаның себебі анықталып жатыр.
На ТЭЦ Риддера - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.03.2023
Риддердегі жылу орталығында жарылыс болды
Жаңалықтар
0