Астанада краннан жасыл су ағуы мүмкін

Sputnik
АСТАНА, 31 наурыз – Sputnik. "Астана-Теплотранзит" АҚ 8 сәуірде краннан ағатын ыстық су жасыл түске боялуы мүмкін екенін ескертті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Сол күні компания мамандары жылу желілеріне "флуоресцеин натрия" деген органикалық бояғышты құюды жоспарлап отыр. Оның көмегімен құбырдағы тесіктерді ғана емес, жылу желілері мен арнайы құрал-жабдықтардың ақаулығын табуға болады. Сондай-ақ құбырдағы суды өндірістік және тұрмыстық мақсатта ұрлау фактілерін анықтауға мүмкіндік бар.
"Астана-Теплотранзит" АҚ краннан жасыл флуоресцеин қосылған ыстық су ақса, шұғыл хабар беруді сұрайды. Бірнеше жерге хабарласуға болады. Олар:
ikomek 109 қызмет;
"Астана-Теплотранзит" АҚ диспетчерлік қызметі, 77 12 00, 77 12 11;
жөндеу қызметінің диспетчері (жұмыс күндері, 8:00-12:00, 13:00-17:00) телефон 79 88 97 (Есіл ауданы), 79 21 60 (ішкі 102) (Сарыарқа/Байқоңыр аудандары), 77 12 92 (Алматы/ Байқоңыр аудандары).
Астанада ауыз су тапшылығы байқалды – қалада үнемдеу шаралары қолға алынды