https://sputnik.kz/20230328/astanada-auyz-su-tapshylygy-bayqaldy--qalada-unemdeu-sharalary-qolga-alyndy-33323868.html
Астанада ауыз су тапшылығы байқалды – қалада үнемдеу шаралары қолға алынды
Астанада ауыз су тапшылығы байқалды – қалада үнемдеу шаралары қолға алынды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 28 наурыз – Sputnik. "Астана Су Арнасы" кәсіпорны су қысымын реттеуге мәжбүр болғанын мәлімдеді. 28.03.2023, Sputnik Қазақстан
2023-03-28T11:26+0500
2023-03-28T11:26+0500
2023-03-28T11:26+0500
ауыз су
астана
https://sputnik.kz/img/old/883/65/8836522_0:314:1789:1320_1920x0_80_0_0_4ef15a3ede93fea1ce65cfc77be1e961.jpg
АСТАНА, 28 наурыз – Sputnik. "Астана Су Арнасы" кәсіпорны су қысымын реттеуге мәжбүр болғанын мәлімдеді."Қала халқының өсуіне және елорданың қарқынды дамуына байланысты ауыз су өндіру бойынша жобалық қуаттардың тапшылығы байқалып отыр. Қазіргі уақытта "Астана Су Арнасы" МКК су қысымын реттеу бойынша шаралар қабылдауға мәжбүр", - делінген ресми хабарламада.Су қысымының кестесі:Су қысымын реттеу шаралары жаңа су сорғылау-сүзгілеу станциясы іске қосылғанға дейін атқарылады. Станцияның құрылысы 2021 жылдың күзінде басталды. Биыл жазда аяқталады деген жоспар бар. Қуаттылығы - тәулігіне 105 мың текше метр.Компания мамандары тұтынушылардан суды тиімді пайдалануды сұрады.Ресми мәліметке сәйкес, бүгінде Астана халқы тәулігіне 318 мың текше метр ауыз суды тұтынады. Ал станциялар 305 мың текше метр суды ғана тазартып отырады.Қазіргі кезде ауыз судың 4 резервуары жасалды. Соның бәрін түнде толтырып отырады. Сол себепті түнгі уақытта пәтерлерге су беру көлемі азаяды. Уақытша сорғы станциялары да іске қосылады.
астана
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/883/65/8836522_0:146:1789:1488_1920x0_80_0_0_3b570053773e56be149423d9d54c87eb.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ауыз су, астана
АСТАНА, 28 наурыз – Sputnik. "Астана Су Арнасы" кәсіпорны су қысымын реттеуге мәжбүр болғанын мәлімдеді.
"Қала халқының өсуіне және елорданың қарқынды дамуына байланысты ауыз су өндіру бойынша жобалық қуаттардың тапшылығы байқалып отыр. Қазіргі уақытта "Астана Су Арнасы" МКК су қысымын реттеу бойынша шаралар қабылдауға мәжбүр", - делінген ресми хабарламада.
04:30-дан 09:30-ға дейін су қысымы жоғары болады;
09:30-дан 12:00-ге дейін төмен қысым;
12:00-ден 14:00-ге дейін жоғары қысым;
14:00-ден 18:00-ге дейін төмен қысым;
18:00-ден 00:00-ге дейін жоғары қысым;
00:00-ден 04:30-ға дейін төмен қысым.
Су қысымын реттеу шаралары жаңа су сорғылау-сүзгілеу станциясы іске қосылғанға дейін атқарылады. Станцияның құрылысы 2021 жылдың күзінде басталды. Биыл жазда аяқталады деген жоспар бар. Қуаттылығы - тәулігіне 105 мың текше метр.
Компания мамандары тұтынушылардан суды тиімді пайдалануды сұрады.
Ресми мәліметке сәйкес, бүгінде Астана халқы тәулігіне 318 мың текше метр ауыз суды тұтынады. Ал станциялар 305 мың текше метр суды ғана тазартып отырады.
Қазіргі кезде ауыз судың 4 резервуары жасалды. Соның бәрін түнде толтырып отырады. Сол себепті түнгі уақытта пәтерлерге су беру көлемі азаяды. Уақытша сорғы станциялары да іске қосылады.