Алматы облысының тұрғыны 8 жасар ұлын зорлап кеткенін айтты

Sputnik
АСТАНА, 30 наурыз – Sputnik. Алматы облысында полицияға 2-сынып оқушысының зорланғаны туралы шағым түсті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Ресми мәліметке сәйкес, 23 наурызда Жамбыл аудандық полиция бөліміне Қасымбек ауылының тұрғыны арызданған. Әйел сол күні сағат 16:00 шамасында 8 жастағы ұлына қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық жасалғанын хабарлады. Оның айтуынша, 2011 және 2008 жылғы екі жасөспірім ауыл шетінде баласына қорлық жасаған.
Қазіргі кезде сот-медициналық сараптама тағайындалды. Тергеу басталды.
Аталған дерек бойынша оқиғаның негізгі қатысушысы – 2011 жылғы кәмелетке толмаған жасөспірімнің әкесіне қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 127-бабының 3-бөлігі (Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу және (немесе) оған білім беру, оның құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамау, қылмыстық не әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар қасақана іс-әрекет жасауына алып келген іс-әрекет) бойынша әкімшілік іс қозғалды. Осы бапта 20 айлық есептік көрсеткіш (69 000 теңге) мөлшерінде айыппұл салу не он тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алу жазасы қарастырылған.
Бұдан бөлек, 27 наурызда тиісті материалдар жасөспірімді мамандандырылған мектепке анықтау туралы мәселені қарау үшін уәкілетті органға жіберілді.
"Өзге ақпарат ҚР Қылмыстық іс-жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес жария етілмейді", - делінген ресми хабарламада.