АСТАНА, 29 наурыз – Sputnik. Жаңадан құрылатын үкіметті кім басқаратыны бір-екі күн ішінде анықталады. Бұл туралы мәжіліс спикері Ерлан Қошанов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Мәжілістің жалпы отырысынан кейін журналистер кулуарда спикерден премьер-министрдің кандидатурасы қашан ұсынылатынын сұрады.
"Таяу күндері ұсынылады. Уақыты келгенде білерсіздер. Қазір мен ашық айта алмаймын... Бір күнде немесе екі күнде. Мемлекет премьер-министрсіз бір ай немесе бірнеше күн тұра алмайды ғой. Оны біз таяуда, тез арада тағайындайымыз керек", - деп жауап берді Қошанов.
Айтуынша, премьер-министрдің кандидатурасы президентпен кездесуде ұсынылады. Содан кейін пленарлы отырыста депутаттар келісім береді. Мәжілістің отырысы ашық өтеді.
Еске салсақ, бүгін, 29 наурызда президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен үкіметтің өкілеттігі тоқтатылды. Министрлер кабинеті үкіметтің жаңа құрамы бекітілгенге дейін өз міндеттерін атқара береді.
Конституцияның 70-бабы 1-тармағы мен "Қазақстан үкіметі туралы" конституциялық заңының 4-бабы бойынша жаңадан сайланған парламент мәжілісінің алдында үкіметтің өкілеттігі доғарылады.