https://sputnik.kz/20230329/premer-ministr-kim-bolatyny-tayau-arada-belgili-bolady--qoshanov-33403300.html
Премьер-министр кім болатыны таяу арада белгілі болады – мәжіліс спикері
Премьер-министр кім болатыны таяу арада белгілі болады – мәжіліс спикері
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 29 наурыз – Sputnik. Жаңадан құрылатын үкіметті кім басқаратыны бір-екі күн ішінде анықталады. Бұл туралы мәжіліс спикері Ерлан Қошанов мәлімдеді, деп... 29.03.2023, Sputnik Қазақстан
2023-03-29T13:44+0500
2023-03-29T13:44+0500
2023-03-29T14:19+0500
ерлан қошанов
https://sputnik.kz/img/07e6/05/04/24626632_0:0:2997:1685_1920x0_80_0_0_92a5b75fffd454609bc5c8db45ea5c23.jpg
АСТАНА, 29 наурыз – Sputnik. Жаңадан құрылатын үкіметті кім басқаратыны бір-екі күн ішінде анықталады. Бұл туралы мәжіліс спикері Ерлан Қошанов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Мәжілістің жалпы отырысынан кейін журналистер кулуарда спикерден премьер-министрдің кандидатурасы қашан ұсынылатынын сұрады.Айтуынша, премьер-министрдің кандидатурасы президентпен кездесуде ұсынылады. Содан кейін пленарлы отырыста депутаттар келісім береді. Мәжілістің отырысы ашық өтеді.Еске салсақ, бүгін, 29 наурызда президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен үкіметтің өкілеттігі тоқтатылды. Министрлер кабинеті үкіметтің жаңа құрамы бекітілгенге дейін өз міндеттерін атқара береді.Конституцияның 70-бабы 1-тармағы мен "Қазақстан үкіметі туралы" конституциялық заңының 4-бабы бойынша жаңадан сайланған парламент мәжілісінің алдында үкіметтің өкілеттігі доғарылады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/05/04/24626632_326:0:2573:1685_1920x0_80_0_0_db769873f7fd9dd77224ee85ad60f3bd.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ерлан қошанов
Премьер-министр кім болатыны таяу арада белгілі болады – мәжіліс спикері
13:44 29.03.2023 (жаңартылды: 14:19 29.03.2023) АСТАНА, 29 наурыз – Sputnik. Жаңадан құрылатын үкіметті кім басқаратыны бір-екі күн ішінде анықталады. Бұл туралы мәжіліс спикері Ерлан Қошанов мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Мәжілістің жалпы отырысынан кейін журналистер кулуарда спикерден премьер-министрдің кандидатурасы қашан ұсынылатынын сұрады.
"Таяу күндері ұсынылады. Уақыты келгенде білерсіздер. Қазір мен ашық айта алмаймын... Бір күнде немесе екі күнде. Мемлекет премьер-министрсіз бір ай немесе бірнеше күн тұра алмайды ғой. Оны біз таяуда, тез арада тағайындайымыз керек", - деп жауап берді Қошанов.
Айтуынша, премьер-министрдің кандидатурасы президентпен кездесуде ұсынылады. Содан кейін пленарлы отырыста депутаттар келісім береді. Мәжілістің отырысы ашық өтеді.
Еске салсақ, бүгін, 29 наурызда президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен үкіметтің өкілеттігі тоқтатылды. Министрлер кабинеті үкіметтің жаңа құрамы бекітілгенге дейін өз міндеттерін атқара береді.
Конституцияның 70-бабы 1-тармағы мен "Қазақстан үкіметі туралы" конституциялық заңының 4-бабы бойынша жаңадан сайланған парламент мәжілісінің алдында үкіметтің өкілеттігі доғарылады.