"Amanat" партиясы премьер-министрдің кандидатурасын ұсынады

Sputnik
АСТАНА, 29 наурыз – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үкімет басшысының кандидатурасын сайлауда жеңіске жеткен партия ұсынатынын мәлімдеді.
"Мен премьер-министрдің кандидатурасын сайлауда жеңіске жеткен партия мемлекет басшысына ұсынуға құқылы деп айттым. Осы ретте, саяси жауапкершілік те сол партияға жүктеледі. Бұл тәсіл "күшті президент – ықпалды парламент – есеп беретін үкімет" тұжырымдамасына сай келеді", - деді Тоқаев парламент палаталарының бірлескен отырысында.
Президенттің айтуынша, болашақта үкіметтегі және аймақтардағы басшылық қызметтерге түрлі партия өкілдерін тартқан жөн.
"Ол үшін саяси партиялардың кадрлық резервін жасақтауды ұсынамын. Сондай-ақ өкілді және атқарушы биліктің қарым-қатынасы жаңаша сипатқа ие болады", - деп атап өтті мемлекет басшысы.
Сайлаудың соңғы қорытындысы: мәжіліске 6 партия өтті