https://sputnik.kz/20230327/saylaudyn-songy-qorytyndysy-mazhiliske-alty-partiya-otti-33281313.html
Сайлаудың соңғы қорытындысы: мәжіліске 6 партия өтті
Сайлаудың соңғы қорытындысы: мәжіліске 6 партия өтті
Sputnik Қазақстан
Сайлаушылардың 5 пайыздан астам даусын жинаған партиялар парламентке өтеді 27.03.2023, Sputnik Қазақстан
2023-03-27T11:12+0500
2023-03-27T11:12+0500
2023-03-27T11:40+0500
мәжіліс сайлауы
https://sputnik.kz/img/07e6/04/06/24028445_2:0:2999:1686_1920x0_80_0_0_051f002aadb3a704b29fcb4f55c314c6.jpg
АСТАНА, 27 наурыз – Sputnik. Орталық сайлау комиссиясы араға бір апта салып мәжіліс депутаттарының кезектен тыс сайлауының түпкілікті қорытындысын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Партиялық тізім бойынша мәжіліс сайлауына түскен 7 саяси партия мынадай дауыс жинады: Заң бойынша парламент мәжілісіне өту үшін саяси партиялар 5 пайыздық шекті бағындыруы керек.Осылайша 19 наурызда өткен сайлаудың қорытындысы бойынша мәжіліске алты партия өтті. "Байтақ" жасылдар партиясына ғана парламенттің төменгі палатасынан орын бұйырмады.Депутаттық мандаттар: Еске салсақ, 19 наурызда Қазақстанда мәжіліс және мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтті. Ел халқы таңғы жетіден кешкі сегізге дейін өз үміткерлеріне дауыс берді.Биыл мәжіліс депутаты мандатына 7 саяси партия таласты. Парламентке барлығы 98 депутат сайланады, оның 69-ы – партиялық тізім, 29-ы бір мандатты округтер бойынша өтеді. Яғни сайлаушылар тек саяси партияларға ғана емес, нақты кандидаттарға да дауыс берді.Тізімге енген 12 млн сайлаушының тек 54,21%-і ғана сайлау учаскелеріне келіп, өз таңдауын жасады. Бұл соңғы 19 жылдағы ең төмен көрсеткіш.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/04/06/24028445_376:0:2624:1686_1920x0_80_0_0_826b454f9585833a3f96749fcc70bc0a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мәжіліс сайлауы
Сайлаудың соңғы қорытындысы: мәжіліске 6 партия өтті
11:12 27.03.2023 (жаңартылды: 11:40 27.03.2023) Сайлаушылардың 5 пайыздан астам даусын жинаған партиялар парламентке өтеді
АСТАНА, 27 наурыз – Sputnik. Орталық сайлау комиссиясы араға бір апта салып мәжіліс депутаттарының кезектен тыс сайлауының түпкілікті қорытындысын жариялады, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Партиялық тізім бойынша мәжіліс сайлауына түскен 7 саяси партия мынадай дауыс жинады:
Respublika партиясы – 8,59%;
Қазақстан халық партиясы – 6,8%;
"Байтақ" жасылдар партиясы – 2,3%;
"Ақ жол" партиясы – 8,41%;
Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы – 5,2%;
"Бәріне қарсымын" тармағы – 3,9%.
Заң бойынша парламент мәжілісіне өту үшін саяси партиялар 5 пайыздық шекті бағындыруы керек.
Осылайша 19 наурызда өткен сайлаудың қорытындысы бойынша мәжіліске алты партия өтті. "Байтақ" жасылдар партиясына ғана парламенттің төменгі палатасынан орын бұйырмады.
Respublika партиясы – алты;
Қазақстан халық партиясы – бес;
"Ақ жол" партиясы – алты;
Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы – төрт.
Еске салсақ, 19 наурызда Қазақстанда мәжіліс және мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтті. Ел халқы таңғы жетіден кешкі сегізге дейін өз үміткерлеріне дауыс берді.
Биыл мәжіліс депутаты мандатына 7 саяси партия таласты. Парламентке барлығы 98 депутат сайланады, оның 69-ы – партиялық тізім, 29-ы бір мандатты округтер бойынша өтеді. Яғни сайлаушылар тек саяси партияларға ғана емес, нақты кандидаттарға да дауыс берді.
Тізімге енген 12 млн сайлаушының тек 54,21%-і ғана сайлау учаскелеріне келіп, өз таңдауын жасады. Бұл соңғы 19 жылдағы ең төмен көрсеткіш.