Сайлаудың соңғы қорытындысы: мәжіліске 6 партия өтті

Сайлаушылардың 5 пайыздан астам даусын жинаған партиялар парламентке өтеді
Sputnik
АСТАНА, 27 наурыз – Sputnik. Орталық сайлау комиссиясы араға бір апта салып мәжіліс депутаттарының кезектен тыс сайлауының түпкілікті қорытындысын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Партиялық тізім бойынша мәжіліс сайлауына түскен 7 саяси партия мынадай дауыс жинады:
Amanat партиясы – 53,9%;
"Ауыл" партиясы – 10,9%;
Respublika партиясы – 8,59%;
Қазақстан халық партиясы – 6,8%;
"Байтақ" жасылдар партиясы – 2,3%;
"Ақ жол" партиясы – 8,41%;
Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы – 5,2%;
"Бәріне қарсымын" тармағы – 3,9%.
Заң бойынша парламент мәжілісіне өту үшін саяси партиялар 5 пайыздық шекті бағындыруы керек.
Осылайша 19 наурызда өткен сайлаудың қорытындысы бойынша мәжіліске алты партия өтті. "Байтақ" жасылдар партиясына ғана парламенттің төменгі палатасынан орын бұйырмады.
Депутаттық мандаттар:
Amanat партиясы – қырық;
"Ауыл" партиясы – сегіз;
Respublika партиясы – алты;
Қазақстан халық партиясы – бес;
"Ақ жол" партиясы – алты;
Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы – төрт.
Еске салсақ, 19 наурызда Қазақстанда мәжіліс және мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтті. Ел халқы таңғы жетіден кешкі сегізге дейін өз үміткерлеріне дауыс берді.
Биыл мәжіліс депутаты мандатына 7 саяси партия таласты. Парламентке барлығы 98 депутат сайланады, оның 69-ы – партиялық тізім, 29-ы бір мандатты округтер бойынша өтеді. Яғни сайлаушылар тек саяси партияларға ғана емес, нақты кандидаттарға да дауыс берді.
Тізімге енген 12 млн сайлаушының тек 54,21%-і ғана сайлау учаскелеріне келіп, өз таңдауын жасады. Бұл соңғы 19 жылдағы ең төмен көрсеткіш.