COVID-19: Жүз елуден астам науқас ауруханада емделіп жатыр

Sputnik
АСТАНА, 27 наурыз – Sputnik. Өткен тәулікте 32 адамнан коронавирус анықталды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.
27 наурыздағы мәлімет бойынша, 1 769 адам коронавирус инфекциясынан (–1 595+ және 174 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 152 пациент стационарда, 1 617 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
Індетке шалдыққандар арасында:
3 адамның жағдайы ауыр,
2 пациенттің жағдайы өте ауыр,
4 науқас жасанды тыныс алдырту аппаратына қосылған.
Қазақстан Pfizer вакцинасының жарты миллион дозасын тегін алды