Қазақстандық мүгедек жандар алғаш рет "Abilympics" олимпиадасына қатысты

Sputnik
АЛМАТЫ, 24 наурыз – Sputnik. Францияның Мец қаласында мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған "Abilympics" 10-шы халықаралық кәсіби шеберлік олимпиадасы басталды. Оған әлемнің 27 елінен делегация келді, деп хабарлады сыртқы істер министрлігі.
Бұл халықаралық жарысқа Қазақстан алғаш рет қатысты. Республикадағы оқу орындарынан 38 адам ұлттық іріктеуден өткен. Олардың арасында ақпараттық технологиялар мамандары, техникалық кәсіптер, аспаздық өнер шеберлері, шаштараздар, тігіншілер, тері илеушілер, суретшілер, фотографтар, дизайнерлер бар.
Страсбургтағы ҚР Бас консулдығы осы іс-шараның алаңында Наурыз мерекесін өткізіп, көптеген шетелдік қатысушыға еліміздің мәдениеті мен дәстүрлерін таныстыру үшін жеке стенд жабдықтап, оларға қазақ халқының ұлттық тағамдарын ұсынды.
"Abilympics" – ең бірінші рет 1981 жылы Токиода өтті. Олимпиада мүгедек адамдардың дағдылары, әлеуеті және қабілеттері туралы дәстүрлі түсініктерді өзгертіп, нәтижесінде олардың кең жұмысқа орналасуына көмекетесті. Оның мақсаты – ерекше жандардың мемлекет өміріне қаншалықты зор үлес қоса алатындығы туралы қоғамды барынша хабардар ету.