https://sputnik.kz/20230324/qazaqstandyq-mugedek-zhandar-algash-ret-abilympics-olimpiadasyna-qatysty-33244410.html
Қазақстандық мүгедек жандар алғаш рет "Abilympics" олимпиадасына қатысты
Қазақстандық мүгедек жандар алғаш рет "Abilympics" олимпиадасына қатысты
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 24 наурыз – Sputnik. Францияның Мец қаласында мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған "Abilympics" 10-шы халықаралық кәсіби шеберлік олимпиадасы... 24.03.2023, Sputnik Қазақстан
2023-03-24T18:36+0500
2023-03-24T18:36+0500
2023-08-09T16:09+0500
олимпиада ойындары
мүгедек
https://sputnik.kz/img/727/74/7277498_0:0:1921:1080_1920x0_80_0_0_5fec94656d3dde9a35a433cf1bd8fb90.jpg
АЛМАТЫ, 24 наурыз – Sputnik. Францияның Мец қаласында мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған "Abilympics" 10-шы халықаралық кәсіби шеберлік олимпиадасы басталды. Оған әлемнің 27 елінен делегация келді, деп хабарлады сыртқы істер министрлігі.Бұл халықаралық жарысқа Қазақстан алғаш рет қатысты. Республикадағы оқу орындарынан 38 адам ұлттық іріктеуден өткен. Олардың арасында ақпараттық технологиялар мамандары, техникалық кәсіптер, аспаздық өнер шеберлері, шаштараздар, тігіншілер, тері илеушілер, суретшілер, фотографтар, дизайнерлер бар.Страсбургтағы ҚР Бас консулдығы осы іс-шараның алаңында Наурыз мерекесін өткізіп, көптеген шетелдік қатысушыға еліміздің мәдениеті мен дәстүрлерін таныстыру үшін жеке стенд жабдықтап, оларға қазақ халқының ұлттық тағамдарын ұсынды."Abilympics" – ең бірінші рет 1981 жылы Токиода өтті. Олимпиада мүгедек адамдардың дағдылары, әлеуеті және қабілеттері туралы дәстүрлі түсініктерді өзгертіп, нәтижесінде олардың кең жұмысқа орналасуына көмекетесті. Оның мақсаты – ерекше жандардың мемлекет өміріне қаншалықты зор үлес қоса алатындығы туралы қоғамды барынша хабардар ету.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/727/74/7277498_0:0:1707:1280_1920x0_80_0_0_1cf6c4fcd7417efbb910b9e838fef87b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
олимпиада ойындары, мүгедек
олимпиада ойындары, мүгедек
Қазақстандық мүгедек жандар алғаш рет "Abilympics" олимпиадасына қатысты
18:36 24.03.2023 (жаңартылды: 16:09 09.08.2023) АЛМАТЫ, 24 наурыз – Sputnik. Францияның Мец қаласында мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған "Abilympics" 10-шы халықаралық кәсіби шеберлік олимпиадасы басталды. Оған әлемнің 27 елінен делегация келді, деп хабарлады сыртқы істер министрлігі.
Бұл халықаралық жарысқа Қазақстан алғаш рет қатысты. Республикадағы оқу орындарынан 38 адам ұлттық іріктеуден өткен. Олардың арасында ақпараттық технологиялар мамандары, техникалық кәсіптер, аспаздық өнер шеберлері, шаштараздар, тігіншілер, тері илеушілер, суретшілер, фотографтар, дизайнерлер бар.
Страсбургтағы ҚР Бас консулдығы осы іс-шараның алаңында Наурыз мерекесін өткізіп, көптеген шетелдік қатысушыға еліміздің мәдениеті мен дәстүрлерін таныстыру үшін жеке стенд жабдықтап, оларға қазақ халқының ұлттық тағамдарын ұсынды.
"Abilympics" – ең бірінші рет 1981 жылы Токиода өтті. Олимпиада мүгедек адамдардың дағдылары, әлеуеті және қабілеттері туралы дәстүрлі түсініктерді өзгертіп, нәтижесінде олардың кең жұмысқа орналасуына көмекетесті. Оның мақсаты – ерекше жандардың мемлекет өміріне қаншалықты зор үлес қоса алатындығы туралы қоғамды барынша хабардар ету.