Денсаулық

Күні бойы тоқ болып жүру үшін қандай тағамдар жеу керек - дәрігер кеңесі

Sputnik
АСТАНА, 23 наурыз – Sputnik. Күні бойы тоқ болып жүру үшін қандай тағамдар жеу керек екенін "Праймға" эндокринолог, диетолог Юлия Хрулева айтты.
Оның айтуынша, күрделі көмірсуларға, ақуызға бай тағамдарға, құрамында пайдалы май қышқылдарына басымдық беру керек. Әртүрлі және теңдестірілген диета денені қажетті энергиямен қамтамасыз етеді және аурулардың дамуына жол бермейді.
Мысалы, талшыққа бай тағамдар ұзақ уақыт тоқ болу жүруге көмектеседі және ас қорытуды реттеуге, қандағы глюкоза деңгейін бақылауға және жүрек-тамыр ауруларының алдын алуға жағдай жасайды. Диеталық талшықты көкөніс, жеміс-жидек, жаңғақ, бұршақ дақылдары (бұршақ,, жасымық), тұтас дәнді дақылдар (жарма, қатты бидай макарон өнімдері, тұтас дәнді нан) болып табылады.
Сүт өнімдері, ірімшік, жұмыртқа, майсыз ет, құс еті және теңіз өнімдері ақуыздың жақсы көзі.
"Тамақтану рационыңызға авокадо, жаңғақ, қызыл балықты қосыңыз, бірақ көп жеуге болмайды, өйткені барлық майдың калориясы жоғары", - деп кеңес берді дәрігер.
Сорпалар туралы ұмытпаңыз. Олар диетаның міндетті бөлігі емес, бірақ сарапшының пікірінше, олар теңдестірілген және төмен калориялы тағам болуы мүмкін.
Дәрігер ерлердің денсаулығына зиянды тағамдарды атады